Көкшетауда мыңға жуық домбыра жасаған шебер тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда мыңға жуық домбыра жасаған шебер тұрады

04.10.2023

Көкше өңірінде ағаштан түйін түйіп, отыз жылда бір жарым мыңға жуық домбыра жасаған шебер тұрады. Оның қолынан шыққан аспаптар ауыл-аймақтан асып, Америка, Германия, Франция, Қытай елдеріне де арнайы тапсырыппен жіберіліп жатыр. Кейбір бұйымдары Польшадағы мұражайға да қойылыпты. Самат Қадыралин асқан ыждағаттылық пен жауапкершілікті қажет ететін өнерді/ бала кезінен меңгерген. Негізгі мамандығы-құрылысшы. Дегенмен, ол кірпіш қалап, үй соққаннан гөрі әр түрлі аспап жасағанды ұнатады. Оның қолына тиген доғал ағаш әп-сәтте әдемі, зерлі бұйымға айналып шыға келеді.

Самат Қадыралин, шебер:

Домбыра сапалы болу үшін бүкіл қандай ағаш бар қажетті дыбыс шығаратын соның бәрін қолданамын. Именго дейміз, амарант дейміз, яварь дейміз, тянь-шань енді міндетті түрде. Қазіргі енді тоқтағаным жаңғақ, сосын имень, қызыл бук. 

Хабарламаларға жазылу