Елімізде жастар арасында некеге тұру саны азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жастар арасында некеге тұру саны азайған

04.10.2023

Елімізде жастар арасында некеге тұру саны кейінгі 10 жылда 164 мыңнан 128 мыңға дейін азайған. Бұл - Ұлттық статистика бюросының дерегі. Медицина мамандары кеш некенің салдарына алаңдайды. Жастар үйленуге неге асықпайды? 

Жастар қазір үйленуге асықпайды. Оң-солын танып, отбасын құруды жөн көретін болған. Ресми дерекке сәйкес, отбасын құруға асықпайтын жастардың дені Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұратын көрінеді.

Бибігүл Мирасбек, ҚР Ұлттық статистика бюросының сарапшысы:

2023 жылдың нақты қаңтар-маусым айларында республика бойынша 53 835 неке қиылды. Оның 64 пайызы қалада, 36 пайызы ауылдарға тиесілі. Ерлер мен әйелдердің алғашқы некеге тұру жасының ұлғаю қарқыны байқалады. Мысалы соңғы 5 жылда ерлер 27-6 жастан 28 жасқа ұлғайды. Әйелдер үшін 25тен 25,2 ге ұлғайды.

Жастардың шаңырақ көтеруге асықпауының түрлі себептері бар. Бірі мақсаттарын еңсеруді бірінші кезекке қоса, енді бірі жауапкершілікті мойнына алудан қашады.

Психологтың пайымынша отбасын құруды кейінге шегеретіндердің бойында үрей бар дейді. Тіпті отбасындағы психологиялық жарақат та әсер ететінін айтты.

Амангүл Игілікқызы, психолог:

Травмадан бөлек, қазір қоғамда болып жатқан көп жағымсыз жағдайлар отбасылық өмірді қиын деп елестеді. Одан кейінгі мәселе ойдан жасалған қорқыныштар. Көп жастарда кездеседі. Мысалы мен мансабымды жалғастыра алмай қалуым мүмкін сияқты қиыншылықтар. 

Жас ұлғая шаңырақ көтеруді медицина мамандары да қолдамайды. Дәрігерлер бала сүю үшін ең қолайлы жас 18 бен 25 деп отыр.

Азамат Сандыбайұлы, уролог-дәрігер;

Ер азамат пен әйел азаматша да жастары 27-30 дан асқан болса, ер азаматта ұрықтың сапасы нашар болатын болса, әйел адамда овериалды резерв төмен болатын болса, қосарланған белеулік болуы мүмкін. Кеш үйленген ер азаматтың 10-ының үшеуі бедеулікпен келуі мүмкін.

Аида Ахметбек, тілші:

Отбасы құруды кейінге шегеріп, бақытты биік мансаптан, ілім-ғылымнан іздейтіндер көп. Алайда, уақыт ұстатпайды. Медицина мамандары мен қоғам белсенділері некені кешеуілдетпеу керек деп отыр. Себебі кеш құрылған шаңырақ адамға физиологиялық қана емес, психологиялық та зиянын тигізуі мүмкін.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу