Мемлекет басшысы «Тұран» газ жылу станциясына барды
Президент «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының және үшінші жылу электр орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты. Мемлекет басшысына аталған газ жылу станциялары биылғы жылыту маусымының басынан бастап, іске қосылатыны жөнінде баяндалды. Жыл аяғына дейін үшінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Үш жаңа нысан қаланы қосымша жылумен қамтамасыз етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда халқының саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқанына байланысты қосымша су көздерімен қамтамасыз ету жолдарын іздеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қаладағы жаңа жылу нысандарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06