Басты Жаңалықтар Маңғыстауда жағалау күзетінде үшем қызмет етеді

Маңғыстауда жағалау күзетінде үшем қызмет етеді

Маңғыстауда жағалау күзетінде үшем қызмет етеді. Ағарыс, Бегарыс және Жанарыс Зекеновтардың атқыштар қатарында жұмыс істегеніне 1 жылдан асқан. Егіздерді қатарластары әлі күнге шатастырады. Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін күзететін ағайындылардың өмірлік ұстанымы қандай? 

Ағарыс Зекенов үшемнің үлкені. Қызметі де жауапты. Қару-жарақ сақталған бөлімнің жұмысын бақылайды. Ол әр мылтықты реттік нөмірімен жатқа біледі. Сондай-ақ, күзетші сарбаздардың қаруды уақытында тапсыруын қадағалайды.

Ағарыс Зекенов, күзет тобының атқышы:

Бұл АКА-74 автоматы бұл жаудың көзін жою үшін арналған. Және де жаңа менің жауынгерім алып кетті, әскери бөлімге нападение болғанда бұны пайдаланады. Кешке маған келіп тапсырады. Мен оны қабылдап аламын.
Ал Жанарыс әскери бөлімге келген әрбір адамды және көліктерді тексереді. Бекарыс болса, әскери борышын өтеп жатқан сарбаздарға жауапты. Үшем өздеріне жүктелген жұмысты жауапкершілікпен орындайды. Себебі, олар әскери қызметші болуды бала күннен армандаған. Үшеуі де матрос мамандығын меңгеріп, Оралға әскерге аттанған. Одан кейін Ақтауға оралып, шекара қызметіне жұмысқа орналасты. Қазір бірінші жағалау күзеті дивизионында 3 жылдық келісім шартпен еңбек етуде.

Жанарыс Зекенов, күзет тобының атқышы:

Біз осы болашағымызды да әскери қызметпен байланыстырып отырмыз. Біздің арманымыз оқуға тапсырып, офицерский алып шығу. Бізге служба ұнайды. Шекараны күзету абырой, ерлік, міндет.
Үшемді қатарластары әлі күнге дейін шатастырады. Күзет тобының аға атқышы Серік Жәлеловтың айтуынша, ағайындылардың мінездері жайлы, тіл табысқыш. 1 жылда оларға қатысты шағым болмаған.

Серік Жәлелов, күзет тобының аға атқышы:

Басында жұмсысқа кірген кезде бұларды ажырату өте қиын болатын. Уақыт өте уже көзіміз үйреніп, жаймен ағарысты, жақсы ажырататын болдық. Ал Бекарыс пен Жанарысты осы күнге дейін аттарын шатастырып, түрлері бәрі бірдей келеді, сол кезде шатасамыз.
Үшем көп балалы отбасынан шыққан. Олардан үлкен 2 ағасы мен кіші қарындасы бар. Ағайындылар балабақшадан бастап, оқу орындарында, әскерде де бір топта жүріп, бір-біріне қамқор болып үйренген. Тіпті, спортқа қызығушылықтары да ұқсас. 


Аягөз Оралбайқызы
Бөлісу