Түркістан облысында тұмау өршіп тұр
Түркістан облысында вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт көбейіп кетті. Мамандар тұмауратып қалғандар қатары былтырғымен салыстырғанда 25 есеге өскенін айтады. Яғни өткен жылы 4000-нан астам адам тұмаумен ауруханаға жүгінсе, биыл 102 000-нан аса тұрғынның вирустық инфекция жұқтырғаны анықталған. Оған ауа-райының бірде салқындап, бірде күрт жылынуы себеп дейді дәрігерлер. Сондықтан ақ халаттылар жергілікті халықты екпе егуге шақыруда. Өңірге вакцинасы жеткізілген, облыс тұрғындарының 12,5% -ын егу жоспарлануда. Екпе алдымен тұмау жағдайында асқыну қаупі жоғары адамдарға салынады дейді,- санитар мамандар.
Нұрбек Нышанов, Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Біздің облысқа қазір вакцина жеткізілді. 248 000-нан астамға тегін егу жұмыстары жүргізіледі. Олар айтқанымыз мынау детдомдағы балаларға және диспансерлік есепте тұратын қарттар, одан бөлек жаңағы жүкті әйелдер екінші, үшінші триместрдегі. Бірінші қазаннан бастап егу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44