Қызылордада балалар арасында тұмау өршіп тұр
Қызылордада балалар арасында тұмау өршіп тұр. Ауруханалар науқастарға толып, емдеу мекемелерінен қосымша төсек-орындар ашылуда.
Бүгінде бұрынғы қалалық перзентхана ғимаратынан 40 орын әзірленіп, өз жұмысын бастады. Былтырғы статистикамен салыстырғанда биыл аурушаңдық мың балаға дейін артып, мамандарды алаңдатып отыр. Әсіресе, соңғы он күндікте дәрігерге жүгінгендер өте көп. Тұмаудың өршуіне мың құбылған ауа-райы да себеп болып тұр. Қазір өңірде коронавирус инфекциясы бәсеңдегендіктен білікті дәрігерлер жұқпалы респираторлы вируспен күреске жұмылдырылуда.
Сәбит Пазилов, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Бұл тұмаумен күресте қол жайып қарап отырған жоқпыз. Сол төсек орындар толғаннан кейін кеше біз бұрынғы қалалық перзентханадан қосымша төсек орындарын аштық. Қазір дәрігерлер бар күшін салып осы балалардың тұмауымен күресіп жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12