Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

02.10.2023

Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының бір тобы елге оралды. Спортшылардың арасында Азиада чемпиондары Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко, ел қоржынына күміс жүлде салған Руслан Құрбанов пен Эльмир Алимжанов және қола жүлдегер Аян Тұрсын бар.

Алматы әуежайында Азия ойындарының жүлдегерлерін жақындары мен жанкүйерлері ерекше құрметпен қарсы алды. Жолдан шаршап келген жеңімпаздарға құшақ толы гүл шоқтары мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Спортшылар ұлттық тағамдардан дәм татып, жарыс жолындағы әсерлерімен бөлісті.

Эдуард Ещенко, Азия ойындарының чемпионы:

Жарыс өте қиын болды. Қарсылыстарымыз да осал емес. Біз бар күшімізбен тырысып бақтық. Біздің жеңісіміз – біздің еңбегіміздің жемісі.

Әсем Орынбай, Азия ойындарының чемпионы:

Ауыр жүк түсті. Елге оралғанымызға өте қуаныштымын. Дайындық өте керемет болды. Бар күшімізді салдық. Оңай болған жоқ.

Ел намысын қорғауға Азия ойындарына Алматы облысынан 10 спортшы аттанған. Олардың төртеуі ел қоржынына екі алтын және екі қола салып берді.

Ерболат Сарабекұлы, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Алматы облысынан үш спортшы қалды қатысып жатқан.Жастарды спортқа тарту, баулу, осындай спортшыларымыздың арқасында жас ұрпақтар спортты сүйіп, спортпен шұғылданады деген сенімдеміз. 

Жеңімпаздар алда жоспар көбін айтады. Сәл демалыстан кейін келер жылы жалауын көтеретін Олимпиада ойындарына дайындық бастайды. Парижде де ел намысын асқақататып, көк туымызды желбірету басты мақсатымыз дейді спортшылар.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу