Шымкентте 1 млрд теңге жымқырған коммуналдық кәсіпорын басшылығы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 1 млрд теңге жымқырған коммуналдық кәсіпорын басшылығы ұсталды

02.10.2023

Шымкентте коммуналдық кәсіпорын басшылығы мен бірқатар лауазымды қызметкер 1 миллиард теңгеден астам қазына қарыжысын жымқырды деген күдікке ілінді. Қала әкімдігінің бақылауындағы мердігер мекеме жылу және электр желілерін жаңартуға қажетті бөлшектер мен жұмыс ақысын әдейі қымбатқа бағалап, артық ақша алған. Аса ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлау фактісі бойынша істі қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр.

 Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу