Жыл басынан бері Абай облысында 182 орман өрті тіркелді
Абай облысында орманға заңсыз кірген 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып 2,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Биыл «Семей орманы» табиғи резерватындағы болған ауқымды өрттен кейін азаматтық қорғаныс пен жергілікті полиция қауіпсіздікті күшейтіп, 360 рет рейд ұйымдастырды. Өрттің алдын алуға байланысты оқу-жаттығулары да жиі өтуде. Ауқымды жаттығудың бірі «Каштак» орманшылығында өтті. Оған 1 тікұшақ, 11 өрт сөндіру техникасы және 30 арнайы көлік жұмылдырылды. Жалпы жыл басынан бері Абай облысында 182 мәрте орман өрті тіркеліп, 1 млрд 350 мың теңгеден аса шығын келген.
Азамат Орымбаев, Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары:
Қандай техника біз жұмылдырамыз? Қандай күш құралдарымыз бар. Өрт сөндіруге, орман сөндіруге дайындалған. Мынау орман өртіне тек қана жоғарғы өтілімі бар техника ғана жұмылдырылады. Өйткені орман ішінде жұріп, тұру қиын. Мына өткен өрттер де соны дәлелдеді.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09