Солтүстік Қазақстан халқын жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған компания 1,8 млрд теңге қарыз
Солтүстік Қазақстан халқын жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамы көмір тасымалдаушы компанияға 1,8 млрд теңге қарыз. Бұл жөнінде кәсіпорында өткен шұғыл кеңесте белгілі болды. Монополист компания басшылығы бұл мәселе жылыту маусымын бастауға кедергі келтірмейтінін айтты. Қазір жылу орталығында 138 мың тонна көмір қоры бар. Жуырда қара отынның кезекті партиясы жеткізілуі тиіс. Облыс орталығында орналасқан әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.
Анатолий Казановский, кәсіпорынның бас директоры:
Қарыздың 1,1 млрд теңгесі – өткен жылғы берешек. Қалғаны биылғы көмір үшін төленетін сома. Қатты отын тасымалдаушы компаниямен келіссөз жүргіздік. Ақшаны біртіндеп қайтарамыз. Жылыту маусымы кедергісіз өтуі тиіс.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04