Елде жаңа салық кодексі әзірленуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде жаңа салық кодексі әзірленуде

29.09.2023

Қазақстан Халық партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттары екі күннен бері Павлодар облысында жүр. Мақсат, биыл қолданысқа берілуге тиіс жаңа Салық кодексін әзірлеу үшін түрлі сала өкілдерінің ұсынысын білу. Саладағы өзекті мәселелерді анықтау. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында салықты басқару жүйесін тұтасымен жаңартуды тапсырған болатын. Соған сәйкес салықтық-әкімшілік жүйе толық қайта қаралып жатыр. Фискалды реттеуді жаңғыртудың басты талаптарының бірі салықты бақылауды толық цифрландыру. Екінші бір мәселе азаматтарды салық төлеуге ынталандыру тиімділігіне қол жеткізу. Себебі, қазірдің өзінде салық төлеуден жалтарғысы келетіндер бар. Жаңа кодекс аясында салық режимдері мейлінше жеңілдетіледі. Және кәсіпкерлердің шама-шарқына қарай дифференциалды салық мөлшерлемесі енгізілуі мүмкін. Жаңа салық реформасы аясында «байлық салығы» қолданылуы мүмкін.

Гаухар Танашева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Бұл салық қымбат яхталары мен ұшақтары бар бай адамдарға салынады. Ол мемлекетке табыс алып келеді деген ойдамын. Сол салықтан түскен қаражатқа әлеуметтік мәселелерді шешеміз. 

Хабарламаларға жазылу