2023 жылға дейін елде жаңа салық кодексі жазылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2023 жылға дейін елде жаңа салық кодексі жазылады

01.09.2022

Президент бұл салада ақсап тұрған салықтық-әкімшілік жүйе толықтай қайта қаралады дейді. Сондай-ақ салықтық бақылауды цифрландырып, тексерушілердің бизнеске бас сұғуына жол берілмейді. Мемлекет басшысы утиль алымға бір реттік бірыңғай баға енгізілетінін айтты. Бүгінге дейін шетелден келген көліктерді алғашқы тіркеу құны 200-250 мың теңгеден аспауы тиіс, деді. Мұндай талап көлік бағасының қолжетімді болуына едәуір ықпал етеді. Әрі заңсыз шекара асатын іздеудегі көліктердің елге кіруіне тосқауыл болады.

Хабарламаларға жазылу