Петропавлда Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда Жолдау жүктеген міндеттер талқыланды

28.09.2023

Жыл басынан бері Қазақстанда 850-ден астам адам жұмыс орнында жарақат алса, 114 адам мерт болған.

Өндірістік жарақат пен қайғылы жағдайларды азайту мақсатында, Президент тапсырмасына сай, қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Еңбек минстрлігі денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында 55 жастан бастап зейнетке шыққанға дейін арнаулы төлем тағайындау мәселесін пысықтауда. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары ірі кәсіпорын ұжымдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Ақмәди Сарбасов Жолдауда айтылған Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтып берді. Көпшілік өздерін толғандырып жүрген сауалдарды жолдады. Вице-министр кездесуде көтерілген мсәлелер назарға алынатынын жеткізді.

Ақмәди Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары:

Ең басты сұрақ – біздің жұмысшылардың айлығын көтеру. Жалпы республика бойынша 1 млн 200 мың азамат жұмыс істейді. Жалақыны көтеру бойынша сұрақтарды талқыладық, ұсыныстар бар.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу