Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортты 37 пайызға ұлғайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортты 37 пайызға ұлғайтты

27.09.2023

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортты 37 пайызға ұлғайтты. Табыс 4,8 млрд доллардан 6,4 млрд долларға жеткен. Отандық өнім Беларусь, Ресей, Қырғызстанда жоғары сұранысқа ие. Ал ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда көлемі 13 процентке өскен.

Ия Малкина, Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми өкілі:

Ағымдағы жылдың қаңтар – шілдесінде ЕАЭО-ның өнеркәсіптік өндірісі 63,7 трлн рубльге жетті және өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8% - ға өсті. Сондай-ақ Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі өскен.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу