Алтайға алғашқы қар жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтайға алғашқы қар жауды

26.09.2023

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарына алғашқы қар жауды. Қатонқарай, Алтай, Күршім ауданы және Риддер қаласының маңына түскен. Алыс қыстақтардағы малшылар Марқакөл ұлттық паркінің аумағындағы қардың қалыңдығы 1 метрден асып кеткенін, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Ал Қатонқарғай өңірінде ақ ұлпа екі тәулік бойы тоқтаусыз жауған. Дегенмен бүгін түс ауа күн ашылып, қар қайтадан еріді.

Қазгидромет мамандары шығыста құбылмалы ауа райы әлі де сақталатынын хабарлады. Сондықтан түнде жолға шыққанда абайлап жүруді ескертеді.

Хабарламаларға жазылу