Азия ойындарында дзюдошылардың жекелей жекпе-жектері аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарында дзюдошылардың жекелей жекпе-жектері аяқталды

26.09.2023

Бүгін Азия ойындарында дзюдошылардың жекелей жекпе-жектері аяқталды. Қоржынға тағы медаль түсті. Балуандар бәсекесінің кезекті күні туралы әріптесім Шерхан Жамбылұлы айтады. 

Татамидегі тартыс, жүлде үшін жан алыс та жан беріс. Бүгін Ханчжоудағы Линпинг аренада нағыз тайталас болды. Шархан Нұрлыхан ширек финалда сенсация жасады. Олимпиада әрі әлем чемпионы жапон Аорон Вольфтан басым түсті. Қола үшін таласта жерлесіміз кореялық балуан Вон Джон Хунды жеңді. Шархан үшін бұл көптен күткен жүлде. Үлкен жарыстарда бір жылдан кейін тұғырға енді шығып отыр. Жеңісті сәттен кейін спортшы эмоциясын жасыра алмады. Бұл жүлде – жылдар бойғы қажырлы еңбектің жемісі, дейді бапкері.

Бүгін жарыс жолына бес дзюдошымыз шыққан еді. Ғалымжан Қырықбай, Аруна Жангелдина және Камила Берліқаш, өкінішке қарай, жүлдеге бір табан жетпей қалды. Осылайша дзюдошылар ел қоржынына 1 күміс, 4 қола салды. 2018 жылы Джакартада жерлестеріміз 1 алтын, 3 қола медаль еншілеген еді. Енді ертең татамидегі күрес командалық жарыспен түйінделеді.


Шерхан Жамбылұлы




Хабарламаларға жазылу