Азия ойындары: Балуандар бәсекесі қалай өтті?
Азия ойындары қыза түсті. Бүгін медаль сарапқа салынған екінші жарыс күні. Дзюдошылар ел қоржынына тағы да жүлде салды. Балуандар бәсекесі қалай өтті?
Астанадан 6 мың шақырым жерде өтіп жатқан жарыста жерлесіміз қолдаусыз қалған жоқ. Командаластары мен ресми делегация барынша жанкүйерлік етіп жатыр. Мінеки Линпин аренада көк туымыз да желбіреп тұр.
Ханчжоу татамиіне бүгін 5 бірдей спортшымыз шықты. 63 келіде белдескен Эсмигүл Күйілова жұбаныш белдесуінде филиппин спортшысын небәрі 13 секундта иппон әдісімен жеңді. Осылайша ол қола үшін өзбек қызымен күресті. Тартысты өткен жекпе-жекте жүлде сусып бара жатқандай көрінген еді. Алайда Эсмигүл ерлеп, соңғы сәтте жеңісті жұлып кетті.
Эсмигүл Күйілова, Азия ойындарының қола жүлдегері:
81 келі салмақта ел намысын қорғаған Абылайхан Жұбаназар қола медаль үшін өзбек балуанымен белдесті. Мусо Сабировпен екеуінің күресі нағыз тайталас болғандай. Бірақ та жерлесіміз мінез танытып, қоржынға тағы бір медаль салды.
Иә, ертең де дзюдошылар бәсекесі жалғасады. Татамиге Дидар Хамза, Шерхан Нұрлыхан, Ғалымжан Қырықбай, Аруна Жангелдина, Камила Берлікаш шығып, медаль үшін белдеседі. Жалпы ертең қазақстандық спортшылар 20-ға жуық спорт түрі бойынша жүлдеге таласады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18