Қытайдың Ханчжоу қаласында Қазақстан туы көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдың Ханчжоу қаласында Қазақстан туы көтерілді

21.09.2023

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында Қазақстанның көк туы көтерілді. 19-шы Азия ойындарының ашылу қарсаңында атлетикалық қалашықта салтанатты шара өтті. Толығырақ әріптесім Шерхан Жамбылұлының материалы

Ресми делегация, айдаһар биі, боз жауын. Ханчжоу қаласында қазір жаңбырлы маусым. Күніне бірнеше мәрте себелейді. Спортшылар қолшатырын ұстап, арнайы киіммен келді. Жарыс қарсаңында бастысы ауырып қалмау керек. Бапкерлер боксшылар бабында дейді.

Мырзағали Айтжано Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:

Иран, Ирак, Оман, Бутан. Бізбен бірге төрт елдің байрағы көтерілді.

Жаңбырлы ауа райына қарамастан Қазақстанның көк туы көтерілді. Бұл шара ресми түрде ұлттық құрама спортшыларының олимпиадалық қалашыққа орналасқанын білдіреді.

Биыл Қазақстан құрамасынан 525 спортшы қатысады. Бұл рекорд. Олар 33 спорт түрі бойынша медальға таласады. Намысты қолдан бермей, көк туымызды енді жарыс алаңында көтеру басты мақсатымыз дейді олар.

Қазір Ханчжоуға 200 ден аса спортшы келіп үлгерді. Жарыс кестесіне сәйкес олар топ-топпен, арнайы ұшақтармен келіп жатыр. Олардың алаңсыз дайындалуы үшін барынша жағдай жасалған.

Елсияр Қанағатов,  ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті спорт департаментінің директоры:

Биыл сары құрлықтың басты бәсекесіне 12,5 мың спортшы қатысып жатыр. Жарыс Ханчжоудан бөлек бірнеше қалада, 44 спорт сарайында өтпек. Азиада алауы 23 қыркүйекте тұтанады.


Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу