Елордада қоқыс мәселесі қашан шешіледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада қоқыс мәселесі қашан шешіледі?

22.09.2023

Астана қоқыстан көз ашпай отыр. Редакциямызға тұрғындар шағымданды. 

Бұл елордадағы Отау шағын ауданы. Аула қоқыс алаңына айналған. Өйткені уақытында шығарылмайды. Оның үстіне көп қабатты үйлерге қоқыс контейнерлері жеткіліксіз, жәшіктер тез толып қалады. Сондықтан қалдықты айналасына тастауға мәжбүрміз дейді жергілікті жұрт.

Мұндай көріністі тек осы шағын ауданнан ғана емес, бас қаланың басқа жерлерінен де кезіктіресіз. Мәселені қала әкімдігі біледі, бірақ қауқарсыз. Айтуларынша, қоқысты шығаруға күш жеткіліксіз. Бас қаланың қоқысына тек бір компания ғана жауапты дейді.

Сағыныш Сағынтаев, Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы:

Халық өсуде, қала өсуде. Қоқыс санының көбі басты мәселе болып тұр. Қоқыс шығаруда олқылықтар болып жатыр. Әкімдік жұмыстарды жүргізуде. Биылғы қосымша конкурс өткізіледі. Қаланың аумағындағы 5 ауданға конкурс талқылануда.

Қорыта айтқанда, әкімдік айтқан конкурс өткізілмейінше, бұл түйткіл әзір шешілмейтін тәрізді. Саусақпен санарлық техника саны да жыл соңында ғана толықтырылады. Қоқыс жинау кестесі кезең-кезеңімен шешілер, алайда қала аумағынан тонналап шығатын қоқыстың соңғы нүктесі – ол полигон.

Серік Әбдірахманов, «Астана бас жоспары» ғылыми зерттеу жобалау институты» жшс директорының орынбасары:

Жаңа қоқыс кешенін салу жоспарда бары рас, ол бүгінде біздің қаламызға керек. Ол бойынша қоғамдық талқылауларда жүрді. Тұрғындар арасында резонанс тудырғаны жайлы біз хабардармыз. Қазір қайта қарау мәселелері жүріп жатыр. Біз қазір орының іздеп жатырмыз.

Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:

Қолқаны қабатын жағымсыз иістен мұнда 1 минутта тұру мүмкін емес-ау. Бірақ бұл сіз бен біз күнделікті тұтынып, кейін сұрыптамай лақтыра салатын, қоқыс төгілетін полигон. Жалпы аумағы 24 га.

Қаламқас Күлімбаева, инженер-эколог:

Кәдеге жарамайтын, тамақ қалдықтарының барлығы осында көмілуге келеді. Үшінші ұяшық бөлек салынайын деп жатыр. Екінші ұяшық келер жылдың бірінші жартыжылдығында толады деп жоспарлануда. Ең маңыздысы тұрғындар өздерінің кухняларында сұрыптау керек. Сонда қалдықтардың саны азая келеді. Зауыттың қуаттылығы жағынана сұрыптауға жағдайы жетпей жатыр.

Маманның айтуынша, үш полигон болса да мәселе шешілмейді. Ол үшін қоқысты қайта өңдейтін зауыт керек. Ал оны салу жайы әлі қарастырылып жатқан жоқ.


Ақмаржан Ғафизқызы.


Хабарламаларға жазылу