Шымкентте автобус оқиғасына байланысты сот отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте автобус оқиғасына байланысты сот отырысы басталды

21.09.2023

Шымкентте көлік жүргізушісінің басқаруынсыз өздігінен жүріп кетіп, бес адамның өліміне себепші болған автобус оқиғасына қатысты сот отырысы басталды. Тергеу қорытындысы бойынша, 49 жастағы автобус жүргізушісіне жол ережесін бұзды және көлік басқару барысында адам өліміне себепші болды деген айып тағылып отыр. Айыпталушы сот барысында өз кінәсін мойындап, болған іске өкінетінін айтты. Ол 5 баланың әкесі.

Естеріңізге сала кетсек, жантүршгерлік оқиға осы жылдың 8 сәуір күні болған еді. Аялдамаға тоқтаған автобус жүргізушінің басқаруынсыз жүріп кетіп, жолдың қарсы бетінде тұрған бірнеше адамды таптап өткен болатын.Салдарынан 5 адам сол жерде тіл тартпай кетті. Ал қайғыла оқиғадан аман қалған жалғыз адам Дариға Сейдалиева жол апатынан соң мүгедек болып қалды. Оның ата анасы қыздарының денсаулығы үшін кінәлі тараптан 6 миллион теңге моральдық шығын талап етуде.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу