Азия ойындары: Ертең Ханчжоуда Қазақстан туы көтеріледі
Қытайда өтетін Азия ойындарының ресми ашылу салтанатына санаулы күн қалды. Ертең атлетикалық қалашықта ресми түрде Қазақстанның туы көтеріледі. Ал бүгін Қазақстан және Қазспорт арнасының түсірілім топтары Ханчжоу қаласына барды.
Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйекте өтеді. Дегенмен іріктеу жарыстары басталып та кетті. Ханчжоу қаласы бұл ойындарға тиянақты дайындалғаны бірден байқалады. Басты орында қауіпсіздік. Әр нысан алдында қатаң тексеріс. Ханчжоу Чжэцзянь провинциясының орталығы. 12 миллионнан астам тұрғыны бар. Жарыс өтетін нысандар саны да, олардың ауқымы да таңқалдырады. 44 спорт сарайында сайыстар өтеді. Олар Ханчжоудан бөлек тағы бірнеше қалада орналасқан. Біз тұрған мына медиа орталықтың аумағы да атшаптырым. Әр елден келген журналистер осында жиылған. Биыл Азиадаға қатысушылар саны да рекорд орнатып отыр. 12,5 мыңнан асады. Жалпы олар 40 спорт түрі бойынша сынға түседі. Олардың ішінде брейк дэнс, киберспорт сынды түрлері жарыс тізіміне алғаш кіріп отыр.
Ұлттық құрама спортшылары жарыс кестесіне сәйкес бірнеше лекпен келеді. Кеше спортшылардың негізгі легімен бірге біз бір ұшақта келдік. Олардың көңіл-күйі де дайындығы да жақсы. Биыл спортшылар Джакартада кеткен есені қайтаруға ниетті. Жалпы Қазақстан құрамасының сапында 525 спортшы бар. Олар 33 спорт түрі бойынша сынға түспек. Ал ертең Олимпиялық қалашықта Қазақстанның көк туы ресми түрде көтеріледі. Ол шара Астана уақытымен шамамен күндізгі бір жарымда басталады.Одан бөлек бірнеше спорт түрі бойынша іріктеу жарыстары жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18