Ризабек Айтмұханның құрметіне автошеру ұйымдастырылды
Еркін күрестен қазақ балуандары арасынан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның құрметіне жерлестері автошеру ұйымдастырды.
Автошеруге 100-ге тарта көлік қатысты. Балуанның туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылы. Ата-анасы аталған елдімекенде тұрады, отбасында бес бала бар. Спортшыны бала кезден әкесі Қанат Жолдасбай жаттықтырып келеді.
Гүляр Жолдасбаева, Ризабектің анасы:
Ризабек жастайынан сабаққа ынтасы зор болды. Бірақ спортқа деген тіпті ойында болған жоқ. Әкесімен бірге жаттығу істеп, спорт мектебіне бірге барып, бірге жұмыс жасап, сосын спорт мектебіне барасың ба дегенде, балам қарсы болған жоқ.
Ризабек Алматы қаласында жаттығады. Ол Қазақстан чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, жастар арасындағы Әлем чемпионатының және ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Спортшыны жерлестері мақтан тұтады.
Алтынбек Аусағитов, Қазақ күресінен әлем кубогының иегері, Ризабектің ауылдасы:
Ризабекті мен бала кезінен танимын, әкесі бұрын бізді дайындаған. Әкесі оны Дағыстанға апарды, Америкаға апарды жарыстарға. Мықты мінезі де бар. Бала кезден қойған мақсатына жетіп, сол Олимпиада жеңімпазы болады деп ойлаймын.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04