Алматыда 100-ден астам отбасы апатты үйде тұрып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 100-ден астам отбасы апатты үйде тұрып жатыр

19.09.2023

Алматыда 100-ден астам отбасы апатты үйде тұрып жатыр. Өміріне алаңдаған тұрғындар арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Олар, әкімдік бір шара қолданбаса баспанамыз опырылып, үйінді астында қаламыз ба деп қорқады. Жергілікті билік бұл мәселеге қатысты не дейді? Бұл бапаналар апатты деп танылған ба? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тарқатсын.

Гүлнар Жұмаділованың бұл баспананы паналап отырғанына 20 жылдан асқан. Осы уақыт аралығанда үй күрделі жөндеу көрмеді дейді ол. Ал баспананың салынғанына бір ғасырға жуық уақыт болыпты.

Гүлнар Жұмаділова, тұрғын:

Бір жер сілкінсе бітті біз кеттік, үй құлайды. Су тасқыны болса бірінші кезекте біз кетеміз. 03;52 Не істейміз енді білмейміз, жасымыз болса келіп қалды. Бәріміз зейнеткерміз. Құжаттарымызды ұстап отырамыз.

Осылай жанын шүберекке түйіп отырған 102 отбасы бар. Үйлердің ешқайсы орталық жылу желісіне қосылмаған. Біреулер пәтерін газбен жылытса, енді бірі жылытқышты пайдаланады. Ал үйдегі электр сымдары әбден тозғандықтан, үнемі өрт шығады екен.

Айша Түркебаева, тұрғын:

Ауылдағы туған-туысымыз келсе ұяламыз көрсетуге, үйімізге кіргізуге. 00:57 Ескі үй болғаннан кейін неше түрлі жәндіктер көбейіп кетті. Егеуқұйрық, тышқан, шағатын қандала мен бүрге. Күнде у себеміз де отырамыз.01:26 Тез арада бұзып, халыққа жағдай жасамаса мына көрген күн емес.

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, үйлерге су мен жылу кіргізуге мүмкіндік жоқ. Өйткені баспана ішінде қажетті құбырлар салынбаған. Бір қызығы ескі болғанына қарамастан бұл үйлердің ешқайсысы әлі күнге апатты деп танылмаған.

Болат Байділдаев, Түрксіб ауданы ТҮКШ бас маманы:

Ол үйлер апатты жағдайда деп танылмаған. Себебі ешқандай сараптама жасалмады. Тұрғындар бізге хабарласқан да жоқ. Ол 8 үй қазір үшінші кварталда үйлер соғылып жатыр. Жаңа үш үй көшіріледі. Қалған 5 үй үш үйдң орнына салынған үйлерге көшіріледі. Ол жұмыс 2024-2025 жылдар басталады деп жоспарланып отыр.

Яғни, апатты үйде тұрып жатқандар жаңа қоныстарын тағы бір-екі жыл күте тұруға мәжбүр. Айта кетейік, бүгінде қалада 1300-ден астам, ал Түркісіб ауданында 600-ге ескі үй бар. 2013 жылдан бері олардың небәрі 32-сі сүрілген. Жұмыстың баяу жүруін мамандар инвесторлардың тапшығымен байланыстырып отыр.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу