Бірнеше өңірде жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары жоспардан кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше өңірде жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары жоспардан кешігіп жатыр

19.09.2023

Қазақстанның бірнеше қаласында жылу қазандықтарын жөндеу жұмыстары жоспардан кешігіп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов айтты. Мәселен, Қарағандыдағы Арселло Миттал теміртаудың №2 жылу электр орталығындағы жөндеудің мерзімі қазан айының соңына дейін ұзартылған.

Республика бойынша биыл барлығы 10 энергоблок, 49 қазандық, 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінге дейін 4 энергкоблок, 17 қазандық, 13 турбинадағы жұмыстар аяқталған.

Әсіресе, Ақтау, Жезқазған, Теміртау, Рудный және Екібастұз қалаларында кестеден кешігулер бар. Соның ішінде Жезқазғандағы №9 қазандықта жұмыстардың небары 4 пайызы ғана орындалған. Ал, былтыр апат болған қалаларға үкімет мүшелері кезекпен барып, жағдайды қатаң бақылауға алдық деп отыр.

Жандос Нұрмағамбетов ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Қазіргі уақытта риддер мердігер ұйымдар барлық 6 қазандық бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 6 қазандықты күрделі жөндеуге үкімет резервінен 7,2 млрд теңге бөлінді. №2-3 қазандықтар қыркүйек айының аяғында іске қосылатын болады. Павлодар облысы бойынша Екібастұз ЖЭО 10 қазандықты жөндеу жұмыстары көзделген. Қазіргі уақытта 7 қазандықөта жұмыс жүргізілуде.

Қазандықтардың әзірлігі түсінікті. Ал, өңірлерде бүгінге дейін жоспарланған көмір қорының тек 28 пайызы жинақталған. Бұл жеке секторда тапшылық болуы мүмкін деген сөз. Әлихан Смайылов жауапты министрліктер мен жергілікті әкімдіктерге жағдайды шұғыл реттеуге 2 апта уақыт беретінін айтып, қатаң ескерту жасады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

Абай, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының энергия кәсіпорындарында жөндеу жұмыстары кестеден кешігіп жүргізілуде. Сонымен қатар жылыту маусымының басында қазандықтарға түсітен жүктеменің төмен болатынын ескерсек бұл үйлдердегі температура көрсеткіштеріне әсер етпеуі керек. Аталған өңір әкімдіктері энергетика министрлігімен жөндеу жұмыстарына күнделікті мониторинг жүргізіп, алдағы жылу маусымында қажетті жылу беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл материалды Үкімет отырысына қатысқан әріптесім Оңғар Алпысбайұлы әзірледі. Аймақтардың жылу маусымына дайындығы әзірге көңіл көншітпейді. Оңғар, Астана биыл жылудан қиындық көре ме? Үкіметте айтылды ма?

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Биыл Астанада жылу тапшылығы болмайды. Себебі құрылысы 12 жылға созылған №3 жылу электр станциясының құрылысы аяқталып қалған. Осы айдың аяғына дейін іске қосылады. Одан бөлек бас қалада «Тұран» және «Оңтүстік шығыс» газ станциялары да жұмысын бастайды. Осылайша шаһарда биыл жылу жеткілікті болады. Өзге қалаларды да барынша дайындаймыз деп есеп берді әкімдіктер мен министрлік өкілдері.


Хабарламаларға жазылу