Үндістанның орталығы мен батысын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның орталығы мен батысын су басты

18.09.2023

Үндістанның орталық және батыс аймақтарында жауын соңы алапат тасқынға ұласты. Гүджарат штатында Нармада өзені арнасынан асып, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Ал Мадхья Прадеште ғибадатханалар судың ортасында қалды. Әзірге қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ. Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу