Түркістан облысында ұн мен шекер бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында ұн мен шекер бағасы қымбаттады

18.09.2023

Ұнның бағасы ауыл-аймақта да шарықтап кетті. Түркістан облысында соңғы он күнде баға 40-50% аралығында өскен. Ең жоғары сұраныстағы 1-ші сұрыпты ұнның қабына 4 мың теңге, ал жоғарғы сұрыптағы ұнның әр қабының құнына 5 мың теңгеге дейін қосылған. Бұл нанның қымбаттауына әкелері анық. Соңғы аптада сұйық май бағасы 2200 теңгеден 2900-ге дейін өскен. Шекердің 25 келілік қабы үш мың теңгеге көтерілген. Мұндай қымбатшылық, әсіресе көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға ауыр тиіп отыр.

Анаргүл Ізбасар, Игілік ауылының тұрғыны:

Мен айына 1 қап ұн жеймін төрт бала-шағаммен. Қазір бір қап ұн алуға шамам жоқ менің. Нанға зар болып отырған қанша отбасыбар. Май да сұмдық қымбаттады. Қара халық қалай күн көреді, түсінбеймін. 

Шенеуніктер азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры нарықтың 30 пайызын ғана қамти алатынын айтады. Яғни облыс аумағындағы 30 әлеуметтік дүкенге тұрақты бағамен жеткізіледі.Мұндай дүкендер негізінен облыс орталығында. Базардағы сатушылар да бағаның тоқтаусыз өсіп жатқанын алға тартады

Марлен Дәулетұлы сатушы:

Бағасы күн сайын қосылып жатыр. Бүгін басқа баға, ертең басқа баға. Фирмалардан солай алып жатырмыз. Қалай көтеріледі, солай қымбат сатып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу