Алматыда қала күні тойланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қала күні тойланып жатыр

18.09.2023

Алматыда қала күніне орай кубик рубиктен әлемдегі ең үлкен мозаика құрастырылды. Бұл туынды көлемі жағынан Гиннестің рекордттар кітабына енді.

Тұңғыш президент саябағында «AlmaFest» фетивалі ұйымдастырылып, оған 45 бау-бақща серіктестігі қатысты. Келушілерге 150 тонна алма мен алмұрт ұсынылды. Одан бөлек жаяу жүргіншілерге арналған ең үлкен көше Жібек жолында «ArbatFest» фестивалі өтіп, қолөнер шеберлері өз бұйымдарын көрмеге қойды. Одан бөлек мтүрлі мәдени, концерттік шаралар да өтіп жатыр. Қала күні 30 қыркүйекке дейін тойланбақ.

Ғани Майлыбаев, Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы:

Біз бүкіл қатысып жатқан және сахна сыртындағы адамдарды санасақ бір күнде 500 адам өнер көрсетіп жатыр екен. 2 қыркүйектен бастап жүріп жатыр. 105 шара. 30 қыркүйек күні 105-шара болды. Бұның барлығы осы қала күні аясында өтеді.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу