Түркістан қаласында қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан қаласында қылмыспен күрестің өзекті мәселелері талқыланды

16.09.2023

ТМД елдерінің ішкі қауіпсіздігіне ұйымдасқан қылмыстық топтар қатер төндіруде. Жыл басынан бері осындай қылмыстар бойынша 37 іс қозғалып, осы топтардың 188 мүшесі ұсталған. Бірлескен арнайы операциялардың барысында өткен жылы екі трансұлттық қылмыстық топтың 11 қатысушысы қолға түскен. Ал соңғы жылдары есірткіні қолдану мен таратудың жолдары көбейіп, оны сатушыларды ұстау қиындықтар туғызып жатыр. Жыл басынан бері елімізде 2,5 мыңнан аса интернет-ресурстар жабылып, синтетикалық есірткі жасайтын 59 цех табылған. Түркістан қаласында бас қосқан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Ішкі істер министрлері осы бағытта өзара іс-қимылдарын пысықтап, бірлескен арнайы операцияларды жүргізу барысын талқылады.

Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:

Біз осы кеңесте жалпы талқылаған мәселелердің бірі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша, нашақорлық қылмысқа қарсы күрестің бағыттары. Және де біз айтамыз миграция дейміз, осы сұрақтарды қарадық. Осы біздің кеңесте біз шешім қабылдадық, жол қауіпсіздігі.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу