Қытайда өтетін Азия ойындарына аттанатын спортшыларымыздың киімдері дайын
Қытайда өтетін Азия ойындарына аттанатын спортшыларымыздың киімдері толығымен дайын болды.
Дизайнерлердің айтуынша спорттық форма жиынтығы: футболка, кепка, жаңбырдан қорғайтын және парадтық кастюмнен тұрады. Бір ерекшелігі – биыл киімдерде ұлтық ою-өрнектер жоқ. Шикізат Еуропа, Қытай, Ресей елдерінен әкелінген. Спортшылар, дәрігерлер, арнайы делегация мен БАҚ өкілдерін қосқанда 1 мың 400 адамға форманы тігіп қойған. Бұл жолы киім үлгілері төрт түрлі түстен тұрады. Ақ, көк, қою көк және сұр түсті.
Нұрдәулет Бекетаев, дизайнер:
Ақ түс – тазалықтың белгісі. Яғни, жарыста спортшыларымыз әдемі, жарқын болып көрінуі үшін. Көк түс – тудың түсі. Бұл да алыстан қарағанда Қазақстан Республикасы екені көрініп тұру үшін. Ал қою көк түс жаттығуға, көп қимылдауға арналған. Яғни, бұл кір болмауы үшін, байқалмауы үшін сол түстерді қолдандық.
Елена Свечникова, тігін фабрикасының бас директоры:
Арнайы форманы тігуге төрт ай уақыт кетті. Жарысқа аттанатын спортшылардың 90% киімдерін алды. Спорттық форманы тігерде спортшылармен, арнайы мамандармен ақылдастық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18