Маңғыстаудағы МАЭК кәсіпорынында модернизация жұмыстары басталды
Маңғыстауда жылыту маусымының тұрақты өтуі энергокомбинаттағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне тікелей байланысты. Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ақтауға барып, МАЭК-тің жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Премьер-министр тағы бірқатар нысанды аралап, «Қазақстан туризмін дамыту» халықаралық форумына қатысты.
Энергокомбинатта қазандық агрегаттары мен қосалқы жабдықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әбден тозығы жеткен құрылғыларды ауыстыру үшін облыс әкімдігінің резервінен 2,6 млрд теңге, жаңа жабдықтар мен қосалқы бөлшектер алу үшін Үкімет резервінен тағы 4,9 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жабдықтарды жеткізушілермен келісімшарттар жасалған. Олар қараша-желтоқсан айларында жеткізбек.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
МАЭК Атом энергия комбинатының тұрақты жұмыс істеуі Маңғыстау облысының ең күрделі мәселесінің бірі деп айтуға болады. Сондықтан біз бұл жұмысты бақылауда ұстап отырмыз. МАЭК жаңғыртылуы тиіс. Сондықтан бұл мына график бойынша уақытылы іске асыру керек. Және алдымызда келе жатқан жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету керек.
Үкімет басшысы «Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарымен де танысты. Нысанды жаңғыртуға мемлекеттік бюджеттен 12 млрд теңгеден астам, ал Үкімет резервінен қосымша 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген болатын. Қазір құрылыс жұмыстары 90%-ға орындалған. Премьер-министр жуырда ашылатын оқушылар орталығын да аралап көрді. Заманауи ғимаратта 5 мыңнан астам бала түрлі үйірмемен тегін қамтамасыз етіледі. Орталық - Мемлекет басшысының тапсырмасымен бой көтерген 100 ірі нысаннің бірі.
Туристік қауымдастық өкілдері бас қосты
Ақтауда өтіп жатқан «Қазақстан туризмін дамыту» форумына ел аумағынан және шет мемлекеттерден келген 300-ден астам туристік бизнес өкілдері қатысты. Олар «Туризм саласын қалай дамыту керек?» деген сұраққа қатысты ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Алзаруни Абделрахман, Туристік компанияның директоры:
Дубайдан Алматыға аптасына 5 рет ұшақ қатынайды. Ақтауға да осылай турист әкелсек деген ұсынысымыз бар. Себебі Ақтау – Алматыдан кейінгі туристік қала. Жалпы Қазақстанның табиғаты бай әрі ерекше. Өзім жыл сайын келемін.
Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанның шетелдегі имиджін көтеру бойынша ведомствоаралық үйлестіру жұмыстары күшейтілмек. Соған байланысты елдің туристік бренді әзірленеді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Президент ҚЖТ туризмді дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Өзінің биылғы жолдауында туризм саласында серпінді жобаларды іске асыруды тапсырды. Алдағы 7 жылға тиісті тұжырымдама қабылданды. Біз негізгі 10 туристік дистинацияны белгіледік. Онда туризм саласындағы зәкірлік жобалар іске асырылатын болады.
Қазақстанда соңғы үш жылда туризм саласына 4 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылып, 400-ден астам туристік нысан салынған. Нәтижесінде елге 3 млн-нан астам турист келді. Маңғыстаудың өзіне жыл басынан бері 179 мың адам саяхаттап келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38 пайызға көп.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17