Сенатта қылмыстық-атқару жүйесіндегі кемшіліктер талқыланды
Қылмыстық-атқару жүйесінде заң талаптарының бұзылуы қоғамда теріс көзқарас тудырады. Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Андрей Лукин осылай деп мәлімдеді. «Әлеуметтік желілерде дау-дамай туғызатын фотосуреттер жариялау, басқа да құқықтық тәртіптің сақталмауына қатысты алаңдаушылық көп»,- дейді депутат. Сенаторлар қылмыстық-құқықтық жүйенің заңнамалық базасын одан әрі жетілдіруге күш салу маңызды екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстарға дайын екенін білдірді.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде кейінгі кезде болған оқиғалар жүйедегі кемшіліктерді ашып көрсетіп отыр. Мекемелерде ұялы телефонды пайдалану, сотталғандардың құқығын бұзуға байланысты оқиғаларға жол берілмеуі керек. Ондай деректер ақпарат құралдарында бірден көрініс табады және қоғамда теріс көзқарас туғызады. Сондықтан заңға тиісті өзгертулер енгізілуі тиіс.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06