Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына үш күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына үш күн қалды

12.09.2023

Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімінің аяқталуына 3 күн қалды. Осы уақыт аралығында мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары жеке табысы туралы деректерді электронды нұсқада өткізіп үлгеруі тиіс.

Тиісті құжатты бүгінде 30 мыңнан астам алматылық ұсынбапты. Олардың дені – білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері. Мемлекеттік кірістер департаменті декларацияны уақытында тапсырмағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Алдымен тұрғындарға ескерту жасап, артынша 52 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Декларацияны онлайн түрде egov.kz, eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Хабарламаларға жазылу