Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтті

12.09.2023

Алматыда төтенше жағдай мамандары жойқын жер сілкінісі орын алған жағдайда қалай әрекет ету керектігін пысықтады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментіне шартты түрде қуаттылығы 7 балдық жер сілкінісі болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар жедел қимылдап, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару өртті сөндіру және адамдарды құтқару жұмыстарына кірісті.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Ең бірінші бағыт өзіміздің тұрғындарды, халықты жер сілкінісі болған кезде қандай іс-әрекет жасау керек екенін көрсетуіміз керек. Үйретуіміз керек. Барлық мектептерде, барлық ЖОО бәрінде өткізу керек. Барлық мекемелерде өткізу керек.

Мегаполисте зілзала болған жағдайда баспанасыз қалған адамдар үшін 384 қабылдау пункті жұмыс істейді. Бұл орындар халықты жинауға, тіркеуге, уақытша орналастыруға және зардап шеккендерді қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін қажет. Оқу-жаттығу кезінде жүздеген адам эвакуацияланып, зардап шеккен 10 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Досым Надырбеков, құтқарушы:

Табиғи және техногенді апаттар кездеседі. Алматы қаласы бойынша одан бөлек тауда құтқару жұмыстары, тауға шығып денсаулығына байланысты, болмаса жарақаттар алып соларды таудан құтқарып түсіру қызметтерін атқарып жатырмыз.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу