Алматыда ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығу өтті

06.10.2017

Дабылды естіген бойда алматылықтар шұғыл түрде қауіпсіз жерге шықты. Мамандар оларға ең бастысы сасқалақтамай, мұндай жағдайда барынша сабырлы болу қажеттігін ескертті. Дабыл Алматының 506 нүктесінен үн қатқандықтан, оның дауысын естімеу мүмкін емес.

Ал, «Алаш» спорттық алаңына Төтенше жағдайлар қызметінің негізгі құрамы тартылған. Бұл жерде арнайы апаттан құтқару саласының 175 қызметкері жұмылды. Кинолог иттер үйінді астынан адам іздеді. Арнайы техниканың жер сілкінісі кезіндегі жұмысы сыналды.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу