Батыс Қазақстан облысында бәйге түрлерінен республикалық чемпионат өтті
Батыс Қазақстан облысында бәйге түрлерінен "Жайық жүйрігі" республикалық чемпионаты өтті. Шашасына шаң жұқтырмаған 130 тұлпардың тұяғы даланы дүбірге толдырды. Ұлттық спорт жарысы бәйгенің төрт түрінен ұйымдастырылды. Облыс атбегілерінің тай жарысы, құнан және 21 шақырым кіші аламан мен 31 шақырым Ұлы аламан бәйгелерде сәйгүліктер шабысы көрерменнің айызын қандырып, делебесін қоздырды. Ат жарысына Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының арғымақтар келді. Ұлы аламанда бас жүлле - 3 млн теңгені жергілікті Теректі ауданы Ақжайық ауылының «Сильвия» сәйгүлігімен жеңіп алды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18