Арқадағы Қоянды жәрмеңкесіне биыл – 175 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқадағы Қоянды жәрмеңкесіне биыл – 175 жыл

11.09.2023

Арқадағы Қоянды жәрмеңкесіне биыл – 175 жыл. Сауданың ғана емес, өнердің көрігін қыздырған өлкенің шежіресі қазақ тарихында алтын әріппен жазылған. Торқалы той Қарқаралыда кеңінен аталып өтті. Алдымен белгілі тарихшылар мен өлкетанушылардың қатысуымен конференция өтті. Осылайша жәрмеңкеге қатысты тарихи деректер ғалымдардың қаламына ілігіп қайта жаңғырды. Қоянды қазақ даласы үшін маңызды елдік шешімдер қабылданған орталық болды. 1905 жылы осында жазылған әйгілі Қарқаралы петициясы жөнінде тарихшылар кеңінен тоқталды. Рухани шара барысында Қарқаралы ауданы мен Түркістан қалалары арасында ғылым, экономика, туризм, мәдениет салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Жиналған жұрт назарына жәрмеңке тарихынан сыр шерткен жаңа деректі фильм ұсынылды. Сондай-ақ, орталық көшеде тарихи-этнографиялық көрме өткізілді.

Елдос Тоқтарбай, жазушы, алаштанушы, ғалым:

Бұл тек қана қазақ даласындағы жәй жәрмеңке емес. Бұл қазақ даласындағы азаттық идеясының алтын қазығы. Жеке ел болу, өз алдына дербес мемлекет құрудың үлгі-өнегесін көрсеткен, қазақ хандығы құлағаннан кейін бүкіл зиялы оқыған-тоқығандарды жинап қоғамдық дүмпу көрсеткен үлкен жәрмеңке.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу