Қоянды ауылындағы заңсыз салынған үйлер сүріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоянды ауылындағы заңсыз салынған үйлер сүріледі

05.11.2014
Қоянды ауылындағы заңсыз салынған үйлер сүріледі

Баспана саламын деп бастары даудан арылмай тұр. Ақмола облысының Қоянды ауылындағы жерді заңсыз басып алушыларға қатысты іс сотқа жіберілді.

Аумағы 23 гектар болатын жер телімі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен кезекте тұрған жандарға тиесілі екен.

Қоянды ауылы тұрғындарының дені сырттан көшіп келген қандастар. Алды атамекенге 10 жыл бұрын қоныс аударған. Келген бетте оларға ауылдан 96 гектар жер телімі бөлінді.

Мұнда 500-ден астам отбасы заңды түрде баспанасын көтерді. Ал, дауға айналған 23 гектар жерді жұрт алаяқтардан сатып алыпты.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу