Энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар анықталды – комитет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетикалық сусындардан қауіпті консерванттар анықталды – комитет

22.06.2022

Қостанайда санитар дәрігерлер энергетикалық сусындардың құрамына консерванттардың қауіпті деңгейде көп қосылғанын анықтады.

Атап айтқанда өндірушілер бензоат натрииді тиісті мөлшерден асырып пайдаланған. Бұл консервант тағамның сапасын жоғалтпай ұзақ сақтайды. Соның өзінде мұндай қоспасы бар тағамды жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Себебі ол аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.Ал мөлшері шамадан асып кеткенде ішкен адамның денесі бөртіп, қызарады, жөтел пайда болады. Ағзадан табиғи жолмен тазарып шығуы да екіталай.

Қауіпті сусындар сауда сөрелерінен алынып, оны жеткізушілерге мұндай тауарларды айналымнан шығару туралы нұсқама берілді.

Хабарламаларға жазылу