Теріскейдегі диқандар үшін биылғы егін орағы барысында қиындықтар туындап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейдегі диқандар үшін биылғы егін орағы барысында қиындықтар туындап отыр

09.09.2023

Теріскейдегі диқандар үшін биылғы егін орағы барысында қиындықтар туындап отыр. Соңғы 2 аптада жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидрометтің болжамы бойынша, мұндай ауа райы әлі бір аптадай сақталады. Осыны ескерген ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егін жинау науқаны бойынша жедел штабтың отырысын өткізді. Негізгі 5 бағытқа басымдық берілмек. Астық қабылдау орындары тәулік бойы жұмыс істеп, тасымалдаушылардың жұмысы қатаң бақылауға алынады. Өнімді кептіру үшін қосымша дизель отыны бөлінеді. Шаруаларды қаржыландыру мен субсидиялау қайта пысықталады. Басты мақсат – келер жылға сапалы тұқым қорын әзірлеу. Айта кетейік, бүгінге дейін 4,8 млн гектардай алқаптың астығы жиналды.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу