Таразда шағын қаржы ұйымының директоры өз мекемесін тонап кетті
Таразда шағын қаржы ұйымының директоры өз мекемесін тонап кетті. Ол қол астындағы қызметкерін дәретханаға қамап, кассаға ұрлыққа түскен. Сөйтіп 24 млн теңгеден астам қаржыны алып кеткен. Тіпті, ауладағы күзетшілердің жұмысына сәттілік тілеп, түк болмағандай қасынан өте шыққан. Қолды қылған ақшаны құмар ойынына тікпек болыпты. Артынша полицияға өз аяғымен келген. 47 жастағы директордың мұндай қадамға баруына қарызға белшеден батқаны себеп. Тергеу барысында бір басында бес несие барын айтып, өкінетінін айтқан. Ол облыстағы 10 филиалдың ең үлкенін 17 жылдан бері басқарып келген
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
191 бабы 4-бөлігі бойынша, яғни аса ірі мөлшерде жасалған толау бабы бойынша қылмысық іс тіркелді. Спорттық құмар ойындар салдарынан ұтылысқа ұшырағаны және қарыздарға байланысты барғанын айтып түсіндірді. Қазіргі таңда күдікті уақытша қамау изоляторына қамаққа алынды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17