Түркиядан тауар тасу жеңілдейді
Түркиядан тауар тасу жеңілдейді. Бүгін Сенатта екі ел арасындағы кедендік рәсімдерді жылдамдататын келісім ратификацияланды. Оның негізінде мемлекеттер арасындағы ақпарат алмасу және кедендік бақылау рәсімдері оңтайлындырылмақ. Қазір Түркия тауар айналымы бойынша кедендік одақтан тыс елдер арасында Қытай мен Италиядан кейінгі үшінші орында тұр. Биыл алғашқы жарты жылдықтың өзінде 2,9 млрд доллардың саудасы жасалған. Депутаттардың айтуынша, бүгінгі құжат жұмыс істей бастаған сәттен бастап алыс-беріс еселеп артады.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Техникалық шарттар дайындалады. Техникалық шарттардың ішінде тәртіп, жүргізілетін қауіпсіздік мысалы құпия заттарды қамтамасыз ету мәселесі. Екінші мәселе, өтетін тауарлардың тізімі. Үшінші мәселе, айқындалатын жауапты адамдардың тізімі. Және белгілі тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкестендірілгеннен кейін олар жеңілдетілген түрмен жасыл коридормен өтетін болады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талдықорғанда тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
11.08.2026, 10:12
Ыстанбұлда Абай күні аталып өтті
11.08.2026, 10:09
Олимпиада чемпиондарымен 10 мың қадам
11.08.2026, 10:07
Мажарстан депутаты: Құрылтай сайлауы-демократияның дәлелі
11.08.2026, 10:03
Түркия парламенті Күрдістан Жұмысшылар Партиясын таратуға негіз болаты заң қабылдады
11.08.2026, 10:02
Колумбияда қуаты 7,4 баллдық зілзаладан 132 адам қаза тапты
11.08.2026, 09:57
Бірқатар өңірде аптап ыстық болады
11.08.2026, 09:53
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 09:52