Өскеменде өңірлік азаматтық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде өңірлік азаматтық форум өтті

06.09.2023

«Мықты өңірлер - мықты ел. Азаматтық сектор - адамдардың мүддесі үшін». Осындай атаумен Өскеменде өңірлік азаматтық форум өтті. Шығыс Қазақстан обылысы әкімдігі ұйымдастырған басқосуға түрлі сала өкілдері қатысып, сан түрлі саладағы өзекті мәселелерді талқылап, шешім жолдарын қарастырып, ұсыныстарын ортаға салды.

Азаматтық қоғам өкілдері қазір мемлекеттің сенімді көмекшісіне айналды. Бұл секторды жұмыс істейтін мамандар барлық саладағы түйткілді біледі. Қажет болса шешу жолдарын да ұсына алады. Тек Шығыс Қазақстанда бүігінде 605 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 158 қор, 420 қоғамдық бірлестік бар. Өңірлік форумда экология, денсаулық, және кембағал жандардың мәселесін талқылады.

Аяужан Әшімова, Облыстық талдау және болжау институтының директоры:

Екі жыл сайын бір рет өтетін азаматтық форум алаңында барлық үкіметтік емес ұйымдар,қоғам белсенділері өз ойларын ашық ортаға салып, көңілдерінде жүрген ойларын ашық айтуға мүмкіндік алды. Айтумен қатар еститін бизнес, мемлектетік органдар өкілдері отырып, тең серіктестікке бір қадам жақындады деуге болады.

Үкіметтік емес ұйымдар өз саласы бойынша мониторинг жүргізіп, нәтижесін атқарушы органдарға ұсынып келеді. Былтырдан бері қоғамдық кеңеске жергілікті белсенді азаматтар қабылдануда.

Данияр Қадыров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:

Ең басты мақсат бұл жерде мүшелердің ішінде азаматтық сектордың көп болуы. Республика бойынша 258 қоғамдық кеңес бар. Ол жерде 4 мыңға жуық мүше бар. Қазіргі таңда осы жасалған жұмыстардың арқасында сол қоғамдық кеңестердегі азаматтық сектордың пайызын 23 пайызға көбейттік.

Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңес жанынынан сараптамалық 8 комиссия құрылған. Ал осы салада жемісті жұмыс етіп келе жатқан үкіметтік емес ұйым өкілдері форум соңында марапатталды.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу