Шымкентте 139 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 139 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босады

06.09.2023

Шымкент қаласында мемлекеттік органдарда қызмет етуден бас тартып жатқандар көбейді. Жалпы соңғы екі жылдың ішінде атқарушы билік құрылымдарында еңбек еткен 139 мемлекеттік қызметкер жұмыстан кеткен. Оның ішінде 14 шенеунік сыбайлас жемқорлық әрекеттерге тәуекел етті деген күдікпен қызметінен қуылды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істер департаменті мәлімдеді.

Жайлы орынды тастап кетіп жатқандардың басым бөлігі өзге салада жүріп нәпақа айыруды жөн көрген. Тағы біразы отбасылық жағдайы және мекен жайының өзгеруіне байланысты қызметтерімен қош айтысыпты. Мемлекеттік қызмет органдарында кадрлардың тұрақтамауы әсіресе, қала әкімдігі аппараты мен білім беру және кәсіпкерлік басқармасында жиілеп кеткен.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу