Қазақ тілін үйренудің тәсілі көп. Тек ниет керек – депутат Надежда Шушаникова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілін үйренудің тәсілі көп. Тек ниет керек – депутат Надежда Шушаникова

05.09.2023

Қазақ тілін үйренем деген адамға қазір толық мүмкіндік бар. Оқу-құрал,әдістеме де жеткілікті. Тек ниет керек. Бұл Өскемен қаласы мәслихатының депутаты Надежда Шушаникованың пікірі. Ол соңғы 15 жылда мемлекеттік тілді үйртетін орталықтарда сабақ беріп жүр. Ал қобызшы Ислана Мамутова қазақ тілін ана тілім деп санайды.

Жеті жасынан қобызды серік еткен Исалана Мамутова биыл өнер коллежінің екінші курсында оқиды. Қобызбен қоса қазақ тіліне де жатық. Әуелі қазақша балабақшаға барса, мектепті де мемлекеттік тілде бітірген. Ол болашқта мықты қобызшы болу үшін қазақтың тарихы- дәстүрі және тілін білу міндетім , деп санайды. Басқаларды да осыған үгіттейді.

Ислана Мамутова, студент:

Мені білмейтін адамдар өте таң қалады. Қазақша біледі деп ойлмайды. Орысша сөйлеп бастаса, қазақша амандассам таң қалады. 04.02-Өзім араласып жүрген адамдарға өздері де қазақша түсінеді. Бірақ көп сөйлемейді. Мен керек кезде үйретем. Менен сұрайды. Осылай қалай деп. Мен айтам. Қазақша үйретем. Ең бастысы ниет.

Ниетке иек сүйесе ғана кез-келген тілді үйренуге болатынына Надежда Шушаникова да сенеді. Ол орта мектепті орысша оқыса да, үйде тек қазақша сөйлеген. Ал жоғарғы оқу орнына түсерде қазақ тілі әдебиеті пәні мамандығын таңдайды. Жоғарғы оқу орнын бітрегеннен бері мемлекеттік тілді үйретіп келеді.

«Кел сөйлесейік» Осындай атаумен Өскеменде былтыр тіл үйрету үйірмесі ашылған. Надежда Шушаникова осы курсқа жетекшілік етеді.

Надежда Шушаникова, қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Қазақ тілім ана тілім деуге болады. Айтсам артық болмайды. Не үшін қазақ тілін үйренуіміз керек? Біз қайда тұрып жатырмыз? Қазақстанда тұрып жатырмыз. 01.36-Адам енді қанша тілді білсе, сонша адам дейді ғой. Мысалы мен өз басым ешкімді мәжбүрлмеймін. 02.33-Өзімнің методикам бар. Ол жағдаяттық. Яғни қарапайым ауыз екі сөйлеуді үйретемін.

Қазр ол қазақ тілін тың тәсілмен үйретуге көшкен. Бірнеше сабақ өткен соң, сол тақырыта тыңдаушылармен тек қазақша сөйлетін маман сұхбат құрады.

Жанат Жиенбекова, О.Бөкей атындағы кітапхана директорының орынбасары:

Ол орысша білмейтін маманды осы курсқа кіргіземіз. Ол кісі сұхбаттасады. Әңімелеседі. Таза қазақша. Өйткені олар өздерінің мұғалімдерін үйреніп алды ғой. Орысша айтып береді деп. Ал міне жерде айта аламайды. Тырысады тек қана қазақша жауап бергенге.

Қалалық кітапханалар желісінде ашылған 15 үйірмеге былтыр төрт жүзге жуық тыңдаушы өз еркімен қатысты. Биыл олар дәрісті жалғастыруды өтінген.Сондықтан кітапхана ұжымы қыркүйектің бірінен бастап ірі кәсіпорындар мен сауда үйлерінен қосымша курс ашуды жоспарлап отыр.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу