Шығыс Қазақстан облысында бір топ бала мемлекеттік тілді лагерьде меңгеруде

25.07.2014
Шығыс Қазақстан облысында бір топ бала мемлекеттік тілді лагерьде меңгеруде

Шығыс Қазақстан облысында бір топ бала мемлекеттік тілді жаздық лагерьде меңгеруде. Олар - жексенбілік мектептерде қазақ тілін оқып жүрген өзге ұлт жастары.

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жаз уақытында  балаларды тілдік лагерьге жіберуді дәстүрге айналдырған.

Басты мақсат - елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттырып, қазақ тілін үйрету.

Биыл бұл лагерьге 7 және одан да жоғары жастағы 15 балаға тегін жолдама берілген. Олар Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан лагерьде 10 күн тынығады.

Надежда Шушаникова, қазақ тілін оқыту орталығының оқытушысы:

Сабағымыз еркін, ойын түрінде өтеді. Мұндай сабақтың тиімділігі, біріншіден, балалар өзін еркін сезінеді. Екіншіден,  мектептегі сабаққа қарағанда, нәтижесі жақсы.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу