Боччадан инклюзивті турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боччадан инклюзивті турнир өтті

05.09.2023

Елордада боччадан инклюзивті турнир өтті. Сайысқа белгілі спортшылар, сарапшылар және БАҚ саласының білікті мамандары да арнайы келді. Сенат спикері, Бочча федерациясының президенті бұл спорт түрінің қолға алынғанына көп уақыт өте қоймаса да оң нәтижелер бар екенін айтады. Сондай-ақ инклюзивті қоғамды дамыту үшін осы қарқынды жоғалтпай жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Бұл бағытта Сенат заңнамалық деңгейде қажетті қолдау көрсетуге дайын дейді.

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Бочча федерациясының президенті:

Бүгінгі күні Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Әділетті Қазақстанды» орнатуға өзіміздің үлесімізді қосудамыз. «Әділетті Қазақстан» дегеніміз ең алдымен инклюзивті Қазақстан. Инклюзивті Қазақстан дегемізі барлық біздің еліміздің азаматтарына біздің қарияларамызға, жастарымызға бәріне бірдей мүмкіндік беру деген сөз.


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу