Ақтөбеде 8 адам газға уланып, ауруханаға түсті
Ақтөбеде 8 адам газға уланып, ауруханаға түсті. Аймақта бір емес, үш ауылдың тұрғындары газдың иісі көше кезіп жүр деп шағымдануда. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген сегіз адамның төртеуі бала.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қазір жағдайлары қалыпты. Қажетті көмек көрсетілді. Олар өткен түнде бастары айналып, жедел-жәрдем шақырған. Тұрғындар кешкі сағат 20:00 шамасында үйлерінен өткір газ иісі шыға бастағанын байқаған. Газ тарату мекемесінің өкілдері елдімекендерге көгілдір отын беруді уақытша тоқтатты. Бұл жағдайға бес ауылға газ тарататын қондырғыдағы жөндеу жұмыстары себеп болған. Яғни, кранды ауыстырғаннан кейін ереже бойынша күшті иісі бар одорант деген қоспа жіберіледі. Ол қажетті көлемде жіберілді ме, жоқ па, оны енді мамандар анықтайды. Ал ауруханаға жатқызылған төрт адам бүгін қайта тексерілгеннен кейін үйлеріне шығарылды.
Бекболат Ізбасаров, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Қарағаннан кейін төрт адам амбулаторлық бақылауға жіберілген еді үйлеріне, төрт адам бізде динамикалық бақылауға Кенқияқта ауруханаға жатқызылған болатын. Басқа шағымданушыдан ондай шақырту түсетін болса барып қарайды, қажетті көмегін көрсетеді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Дегенмен экологтар ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшері нормадан аспағанын айтады. Бүгін таңертең бес ауылға қайтадан газ беріле бастады. Мамандар газ иісі бүкіл ауылға жайылды деген ақпаратты жоққа шығарып отыр. Біз алдағы шығарылымдарды мән-жайды толығырақ зерттеп беруге тырысамыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07