Елімізде сарапшылар кеңесі құрылады
Елімізде экономикалық сұрақтар бойынша сарапшылар кеңесі құрылатын болды. Сарапшылар елордада арнайы отырыс өткізіп, Жолдауда көтерілген негізгі мәселелерді талқылады. Атап айтсақ, мемлекеттік жоспарлау жүйесі. Жолдауда оны түбегейлі өзгерту қажеттігі айтылған. Есесіне жергілікті жерлердегі әкімдер мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады. «Яғни, кез келген саланы дамыту үшін ұлттық бағдарлама немесе жоба әзірлемей, өңірлерде жұмысты жетілдіруге жол ашу керек», - дейді сарапшылар. Кеңесте қаралған мәселелердің нәтижесі Президент әкімшілігі мен Үкіметке жолданады.
Қайырбек Арыстанбеков, Экономикалық зерттеулер институтының директоры:
Бізде енді 167 аудан бар ғой. Солардың үлес салмағы 20 пайыз ғана. Қалғаны орталық органдардың индекаторлары. Демек мемлекеттік жоспарлау жүйесінде орталықтандыру болып кеткен. Ал ІЖӨ қай жақта жасалады? Астанада емес қой.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда да мемлекеттік марапатты табыстады
23.10.2026, 17:07
Ұлттық мерекені аймақтарда сән-салтанатпен тойлауда
23.10.2026, 17:05
Ең үлкен көк байрақтың салмағы 100 кг
23.10.2026, 17:03
БАҚ және мәдениет саласының үздіктерін марапаттады
23.10.2026, 17:01
Президент: Егемендік пен Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қазынамыз, ең асыл құндылығымыз
23.10.2026, 17:00
«Алан туралы аңыз» анимациялық фильмі шықты
23.10.2026, 13:15
Отандық тамақ өнеркәсібінде оң серпін бар
23.10.2026, 13:12
Мұнай-газ саласында жаңа жұмыс орындары ашылады
23.10.2026, 13:10