Ақтөбеде бір аптадан бері сұйытылған газ тапшы. Газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Облысқа ай сайын 16 мың тонна сұйық отын қажет болса, шілдеде 10 мың тонна ғана бөлінген. Оның үстіне өңірдегі үш зауыттың жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылатыны хабарланды. Салдарынан «Жаңажол мұнай» кешенінен темір жол арқылы тасымалданатын сұйытылған газ көлемі 20 пайызға кеміген.
Ал «ҚазақОйл Ақтөбе» серіктестігінде өткен айда газ өндіру тәулігіне 84 тоннадан 64 тоннаға дейін азайды. Қазір облыста газбен жүретін 53 мыңға жуық көлік бар. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Шымкент газ өңдеу зауытынан 650 тонна сұйық отын бөлінген. Ол Ақтөбе облысына ай соңына қарай жеткізіледі.
Нұртай Сертаев, Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:
3 зауыт обьемдарын орындайды. Бірақ сол аралықта отгрузка аз болады. Ақтөбе қаласына тәулігіне 400 тонна қажет болса, оның тек 200 тоннасы тасымалданатын болады.
Жақсыбек Кемал