Жаңа тағайындаулар: Қанат Бозымбаев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа тағайындаулар: Қанат Бозымбаев Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

04.09.2023

Ұлттық банкті 1,5 жыл басқарған Ғалымжан Пірматов лауазымынан босатылды. Оның орнына Тимур Cүлейменов тағайындалды. Сүлейменовтің кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған. Бүгін бұл ұсынысты Сенат депутаттары қолдап, бірауыздан мақұлдады. Тимур Cүлейменов бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. Өткен аптада Президент әкімшілігінің құрылымының өзгеруіне байланысты қызметінен босатылған еді. Сондай-ақ, бүгін Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысын басқарған.

Ал Қанат Бозымбаев Президенттің кеңесшісі қызметіне кірісті. Ол 2021-2022 жылдары Алматы облысының әкімі лауазымын атқарған еді. Ал жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігін Нұржан Нұржігітов басқаратын болды. Осыған дейін ол Жамбыл облысы әкімі болған. 


Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу